Приложение к журналу
«Современные проблемы науки и образования»
ISSN - 1817-6321


PDF-версия статьи Титульная страница журнала PDF-версия статьи
СОВРЕМЕННАЯ ТЕХНОЛОГИЯ ВОЗДЕЛЫВАНИЯ ТОМАТОВ В ТЕПЛИЦАХ

Южно-Казахстанский Государственный университет имени М.Ауезова


Жылыжайда жылу сүйетін қызанақ дақылдарын егіп өсіреді. Жылыжайда тәулік бойына температура мен ылғалдылықтың ауытқуы шамалы болатан белгілі бір микроклимат сақталады. Онда жылыту мен желдетуді дұрыс ұйымдастырғанда ғана өсімдік тіршілігіне қажет температура сақталады. Жылыжай күн сәулесімен биологиялық (биологиялық отынның жылуы есебінен) және техникалық жолмен (ыстық су, бу, электр т.б) арқылы жылытылады. Ол табиғи жолмен де (форточка немесе фрамуға арқылы) немесе қолдан да желдетіп тұру мүмкін. Жылыжайды қандай мақсатқа арналғанына, пайдалану мерзіміне, жылыту түріне, қолданылған құрылыс материалына байланысты жылыжайдың конструкциясы түрліше болады. Жылыжайды бір еңісті, блокты, көп жағдайда екі еңеске жылыжайлар салынады, оның жарық түсетін жазықтығы шығысқа батысқа қарап тұрады. Жабын ретінде әйнек немесе синтетикалық пленка пайдаланылады. Жылыжай дақылдарын тікелей топыраққа және арнайы стакандарда немесе үлдіректерде (стелаж) өсіреді. Жылыжайды беті тегіс немесе аздап оңтүстікке қарай еңіс учаскілерге орналастырған жөн. Ыза суы жер бетінен 0,8 метрден беріде жатқан жерлер оған жарамайды. Жылыжайларды тез өсетін бұталармен немесе ағаштармен қоршап жел өтінен қалқалап қою керек. Жылыжайды ауа тұйық айналым жасау арқылы жылыжай салу ұсынылады. Мұндай жылыжайда электр желдеткіш орнатады, ол жылыжайдағы ауаны тартып алады да, оны топыраққа көме жүргізілген құбырларға береді. Содан соң ауа қайтадан жылыжайға келеді. Желдеткіш пен топыраққа көмілген құбырлардың жер бетіне шығатын басы жылыжайдың бір шетінде құбырлар кішкене шұңқырға тіреледі. Мұндай айналым кезіне күн көзіне жылынған ауа топыраққа салынған құбырлар арқылы өткенде топырақты жылытады да, өзі салқындап (салыстрмалы ылғалдылығы 100 пайыз болып) жылыжайға енеді. Жылыжайдағы жүйектерді топырақ төгіп (ені 100-125см, биіктігі 40-45 см ) жасаған жақсы. Топырағы құмдақ, ыза суының тереңдігі 1,5 метрден астам болатын учаскелерде топырақ төкпей-ақ олардың арасынан тереңдігін 40-50см етіп қазылған өтпе жасауға болады. Бұл жағдайда жылыжайдың солтүстік баткейінде тұрған ұйге жалғасып жатады, пешпен қосымша жылытуға мүмкіндік береді. Жылыжайға кіретін есікке полиэтилен пленка керіп тастау қажет. Желдеткіш тәулік бойы жұмыс істеген маусымда жұмсалатын электр энергиясының шамасы 80-90 кВт-сағат болады. Қазіргі таңда резинка тәрізді полимерлі жарық бергіш жабын “Светлица” жаңа технология бойынша өңделген, Германияда дайындалған жабындарды пайдаланған өте тиімді. Оны пайдалану мерзімі де көп 6-7 жыл.

1. Шепетков Н.Г., Ысқақов М.Ә.,Әрінов Қ.К., Жұмағұлова И.И. Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру, өңдеу, сақтау және стандарттау. – Астана, 2001.


ОПУБЛИКОВАНО

Г.Б. Қылышбаева СОВРЕМЕННАЯ ТЕХНОЛОГИЯ ВОЗДЕЛЫВАНИЯ ТОМАТОВ В ТЕПЛИЦАХ. // Современные проблемы науки и образования - 2012.-№6. (приложение "Биологические науки"). - C. 5